Текст

Құрметті сайт оқырмандары!
М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназия сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайттағы ағымдық оқу-тәрбие, ғылыми-шығармашылық жұмыстарымен және оқушылар мен ұстаздардың барлық жетістіктерін көре аласыздар!
16.03.2026
КӨКТЕМГІ КЕЗЕҢДЕ ЖҰҚА МҰЗДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ! Оқушылар мен ата-аналарға арналған қауіпсіздік шаралары Көктем мезгілінде күннің жылынуына байланысты өзен-көлдердегі мұз жұқарып, өте қауіпті болады. Сырт көзге қалың болып көрінгенімен, көктемгі мұз кез келген уақытта опырылып түсуі мүмкін. Сондықтан балалардың қауіпсіздігін сақтау – ата-ана мен мектептің ортақ міндеті. Оқушыларға ескерту: Көктем мезгілінде өзен, көл, су арналарының маңына жақындамаңыз. Мұз үстіне шықпаңыз, оның беріктігін тексермеңіз. Мұз үстінде ойнауға, сырғанауға, суретке түсуге болмайды. Үлкендердің қарауынсыз су жағасына бармаңыз. Егер біреудің мұзға түсіп кеткенін көрсеңіз, өзіңіз құтқаруға ұмтылмай, бірден үлкендерді шақырып, 112 нөміріне хабарлаңыз. Ата-аналарға арналған қауіпсіздік шаралары: Балаларыңызға көктемгі жұқа мұздың қауіпті екенін күн сайын ескертіп отырыңыз. Мектептен кейін баланың қайда жүргенін бақылаңыз. Су айдындарының маңына жалғыз баруына жол бермеңіз. Қауіпсіздік ережелерін үйде түсіндіріп, баламен бірнеше рет қайталаңыз. Көктемгі демалыс және бос уақытта балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Есте сақтаңыз! Көктемгі мұз – өте қауіпті. Оның үстіне шығу адам өміріне тікелей қауіп төндіреді. Қауіптің алдын алу – ең дұрыс шешім. Төтенше жағдай кезінде: 112 – бірыңғай құтқару қызметі Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы біз балаларымыздың өмірі мен денсаулығын қорғаймыз.
27.02.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы білім бөлімінің Көкшетау қалалық М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп – гимназиясы » КММ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылауды өткізеді.
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы білім Көкшетау қалалық М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп – гимназиясы » КММ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын...
26.02.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті ата-аналар! Алдағы 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты мектепте ата-аналар арасында ақша жинауға жол берілмейді. Барлық мерекелік іс-шаралар ерікті түрде, қаржылық міндеттемесіз өткізіледі. Біз үшін басты құндылық- ашықтық әділдік «Адал азамат» қағидалары Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет! #АдалАзамат #Әділдік #Мектеп #8Наурыз #Тәрбиесағаты
24.02.2026
Құрметті ата-аналар! Кез-келген уақытта балаңыз қиындыққа тап болса, мына жадынама есіңізде болсын!
24.02.2026
Қымбатты оқушылар! Кез-келген уақытта қиындыққа тап болсаңыз, мына жадынама есіңізде болсын!
23.01.2026
Көкшетау қаласының білім бөлімі хабарлайды: 2026 жылғы 23.01 күні ауа температурасы - 27,4 жел 3 м/с байланысты екінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
23.01.2026
Көкшетау қаласының білім бөлімі хабарлайды: 2026 жылғы 23.01 күні ауа температурасы - 30 жел 2 м/с байланысты бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
22.01.2026
Көкшетау қаласының білім бөлімі хабарлайды: 2026 жылғы 22.01 күні ауа температурасы - 25, жел 2 м/с байланысты бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
16.01.2026
Көкшетау қаласының білім бөлімі хабарлайды: 2026 жылғы 16.01 күні ауа температурасы - 29, жел 2 м/с байланысты бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
16.01.2026
М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында 4-ші сыныптармен педконсилиум жүргізілді. Педконсилиум барысында ата-ана, әкімшілік, пән мұғалімдері оқушылардың оқу- тәрбие үрдісіндегі маңызды мәселелерін талқылады.