М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназия базасында 2024 жылдың 17-ші сәуірінде «Озат тәжірибе - ортақ іс» атты қала мектептеріндегі бастауыш сыныптың жас мамандарына арналған семинар өтті.
Семинар мақсаты: жас мамандарға сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен вариативтік компоненттерді тиімді пайдаланудың әдістерімен таныстыру.
1 «Ә», 1 «Б», 4»Ә», 4 «В» сыныптарында ана тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану пәндерінен ашық сабақтар жүргізілді. Гимназияның тәжірибелі ұстаздары өздерінің авторлық бағдарламаларымен таныстырып, жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде шеберлік сағаттар жүргізді. Семинарда қойылған мақсаттар орындалды. Семинарға қатысушылар алған әсер-ойларымен бөлісіп, үлкен сабақ алғандарына ризашылығын білдірді.
https://www.instagram.com/reel/C53PfOgsu2T/?igsh=MTNzcWExYjNoaWUzZw==