2021 жылғы 18 ақпан күні Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» базасында жалпы білім беретін мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі онлайн режимде өткізілді.
Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.
Олимпиада 2 айналымда өткізілді:
1 айналым – жазбаша – эссе. Қ.О. Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұрасы және публицистикалық еңбектеріне арналады.
2 айналым – тест тапсырмалары – қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша.
Байқауға мамандандырылған гимназиясының 10- сынып оқушысы Бураканова Дильназ қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Конкурсқа сапалы дайындаған пән мұғалімі Б.Р. Шахмановаға білімді шәкіреттерді тәрбиелей берсін деп тілейміз.