Текст
19.11.2021 ж. 11 сынып оқушыларының мектепішілік ата-аналар жиналысында «ҰБТ-ға психологиялық дайындықтың тиімді жолдары» тақырыбында ұсыныс-кеңестер берілді. Құрметті ата-аналар! Кез-келген емтихан – бұл стресс. Психологтардың айтуынша, бұл қалыпты жағдай. Бірақ көптеген талапкерлер ҰБТ, емтихан кезінде алаңдап, қорқынышы көбейеді: дайындығым аз, тест, емтиханды тапсыра алмаймын, ата-анамның үмітін ақтай алмаймын және т.б.жағымсыз ойлар болады. Сондықтан балам еш алаңсыз, емтихан, ҰБТ-ны нәтижелі тапсырсын десеңіз, төмендегі психологтың ұсыныс-кеңестерін ұсынамыз.