Абай болыңыз, жұқа мұз!
Балаларыңызға назар аударыңыз, қатаймаған мұзға шығу қаупі туралы айтыңыз. Балаңыздың бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытыңыз, көктем кезеңде балалардың су айдындарында болуына және өтулеріне жол бермеңіз. Әсіресе, мұз айдынында ойнауға жол берілмесін!
Судың жылдам ағатын және ағынды сулар мен бұлақ соғатын жерлерінде, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін аймақтарда, ағаштар мен бұталардың жанында мұз әлсіз екенін есте ұстаған жөн.
Қар мен қардың үйіндісі астында және жағалауда мұз өте қауіпті.
Ересектер бей-жай қарамаңыз, балалардың мұзға шығу әрекеттерін тоқтатыңыз, немқұрайлылық қайғылы жағдайға айналуы мүмкін!
Назар аударыңыз! Улы газ!
Жыл сайыңғы қорқынышты өлім және зардап шеккендердің санағы, адамдар пеш жылытудың пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу себептері бойынша ұлы газбен ұланған кездегі жағдайлармен көбейеді. Ұлы газбен ұлану себептері: пеш жылытуды пайдаланған кезде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы(пеш қақпағын жабуы, жылыту пешіндегі ауаның аз мөлшері, жаман тартуы); пеш құрылысындағы жарықшалар, тазарылмаған түтін өткізгіші, адамның өрттің ішінде болу,жаман ауа өткізгішпен ғимараттың ішінде техникалық қызмет етуі, жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен автокөліктің ішінде ұйықтау және т.б. себептер болуы мүмкін.