Текст
10 ақпан 2022 жылы М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназия 9-және 11 сынып оқушыларымен мен Ақмола облысы дін істері басқармасы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы»КММ ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Дінтанушы, теолог маманы Аязбаева А.А «Деструктивті діни ағымдар қаупі, мәні және көрініс формалары» тақырыбында кездесу өтті.Кездесудің мақсаты – жастарға дін жайында ақпарат беру, олардың теріс ағымдардың ықпал етуінің алдын алу.
Кездесу барысында дінтанушы-теолог ислам діні және қазіргі қоғамдағы дін мәселелері туралы сөз қозғады. Оқушылар өздеріне осы тақырыптағы көптеген пайдалы ақпаратпен танысты және көкейдегі сұрақтармен бөлісіп нақты жауаптарын алды.