Елімізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектептерде «Адалдық дүкенін» ашуға ұсыныс берген болатын. Бүгін мектебімізде «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері аталмыш дүкенді ашып, оқушыларға жақсы бастама көрсетте білді. Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. Осылайша, оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады.
Мұндай дүкендерді ашу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталып отыр.
Бүгінгі мектебімізде ашылып отырған «Адалдық дүкенінің» - оқушы-жастарымыз үшін тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.