Текст
2025 жылдың 19 ақпанында әл-Фараби атындағы IT лицей базасында академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.
Олимпиада оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, дарынды оқушыларын анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Олимпиадаға қалалық кезеңіне білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты.Олимпиада екі айналымда өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 10 сынып оқушысы Қуанышбек Гаухар жүлделі ІІ орынға ие болды. ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Пән мұғалімі Билялова Б.Б.