Текст
Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған онлайн режимде республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқау қорытындысы бойынша М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мамандандырылған гимназиясының 8Ә сынып оқушысы Шуленбекова Аягөз ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Кыдырменова Зауре Алимжанқызы.
Құттықтаймыз! Әлі талай жетістіктерге жете беріңіз!