Текст
Ағымдағы жылдың 20 ақпанында орыс тілі және әдебиет пәнінің апталығы аясында 6”Б” сыныбында Габдулла Тукай “Родной язык” тақырыбында ашық сабақ өтті. Ақынның бізге жеткізгісі келгені: Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Пән мұғалімі: Мухамеджанова Муксина Мерхатовна