Текст
29-қаңтар күні “Балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы” тақырыбында өткен семинар аясында 1 “Ғ” сыныбында ана тілі пәнінен “Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Қазақстанның Туы және Гимні” деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Ашық сабақта жасанды интеллект, STEAM технологиясы, Wordwall платформалары арқылы тапсырмалар орындалды. Сабаққа семинарға қатысушы ұстаздар, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері қатысты. Пән мұғалімі: Аймуратова Г.М.
https://www.instagram.com/reel/DFcrD95slAw/?igsh=d2N3NTdpMXNrNHRs