2024 жылдың 31 қазан күні әдістемелік кеңестің жоспарына сай « Білім.Тәжірбие алмасу» тақырыбында әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Әдістемелік кеңесте 1 тоқсанның білім сапасы,мектепішілік пән олимпиаданың қорытындысын талдай келе, бастауыш сыныптың 3-4 сыныпта , 5-8 сыныптарда әдебиет , тарих сабақтарында сөйлеу белсенділігін арттыру үшін қолданыстағы жаңашыл әдіс-тәсілдерімен бастауыш сынып мұғалімі Айдарбекова М.Н., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шахманова Б.Р. , тарих пәнінің мұғалімдері Оспанова С.А.,Баймади Г іс-тәжірибелерімен бөлісті. 2024 жылғы іс шаралар жоспарына сәйкес 22-24 қазан күндері Астана қаласында қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері үшін (бастауыш, орта және жоғары сынып) «Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинарына қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карасартова Ш.К, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даулбаева Б.Т. , бастауыш сынып мұғалімі Шаханова Г.Б семинар барысында алған ақпараттарымен бөлісті. Ағылшын тілі мұғалімі Д.Б. Сулейменованың педагогикалық тәжірибесін тарату жұмысымен танысты.
https://www.instagram.com/reel/DB1cmuEsQ_H/?igsh=MW92bXB1ZnR4aXN5NQ==