Ағымдағы жылдың 4 маусым күні жалпы орта білім берудің 11- сыныптың білім алушылары мемлекеттік емтихан Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан тапсыруда.
Сағат 8.30 сап түзеу өткізіліп, емтихан өткізу тәртібімен директордың оқу ісінің орынбасары Г.Оразова таныстырып өтті.
Қазақстан тарих пәнінің мұғалімдері С.Оспанова, Ш.Жуматаева, А.Тюлешова, Г.Ауесханова, С.Серикбаев, Ғ.Баймади, М.Алхабекова және ассистенттер қатысуымен емтихан материалдары салынған пакет ашылып, сағат 9:00-де емтихан басталды.
Қазақстан тарихы пәні бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру мақсатында жалпы орта білім берудің МЖМББС талаптарына сәйкес білім алушылар өздерінің жауаптарын айтуда.