Текст
Жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерін қолдау, педагогикалық қызметке деген қызығушылықты дамыту, талантты педагогтерді анықтау мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ математика, физика, информатика пәндері мұғалімдерінің ІХ шығармашылық конкурсының қалалық кезеңін ұйымдастырды.
Конкурсқа М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясының математика, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері қатысты. Конкурстың нәтижесі бойынша математика пәнінің жас ұстазы Алип Айбек сертификатқа ие болды.