Текст
Психолог А.Тауфих мамандандырылған гимназия жас ұстаздарының қатысуымен «Сіздің қолыңыздан бәрі келеді» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты мұғалімдердің кәсіби «шаршауының» алдын алу, тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру, өзін, басқа адамдарды, сонымен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынасты түсіну дағдыларын жаттықтыру, қатысушылардың бір-біріне деген сенімін, жағымды көзқарасын дамыту. Қатысушы жас ұстаздарымыз белсенділікпен тренингке қатысып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне алғыс білдірді.