Халықаралық мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында Көкшетау қаласының білім бөлімі қаланың үздік педагогикалық қызметкерлерінің мерекесін ұйымдастырды.
Салтанатты шараға Көкшетау қаласының әкімі Смайылов Амангелді Халауденұлы қатысты. Марапаттау іш-шараға М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мамандандырылған гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметжанова Б.Х. Көкшетау қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мұғалім барлық уақытта қоғам мен мемлекеттің тірегі болып қала береді. Бұл оның қолында елдің болашағы, жаңа ұрпақтың болашағы. Біздің балалар қалай өседі, қандай қоғам құрады, қандай адамгершілік құндылықтарды ұстанады, көбінесе мұғалімнің таланты мен жеке басына байланысты.
Барлық педагогикалық қызметкерлерге зор денсаулық, одан әрі кәсіби өсу және алғыс білдіретін оқушылар тілейміз!