Көкшетау қаласының білім бөлімі 2020 жылғы 14-15 қазан күндері жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық (сырттай) конкурсының қалалық кезеңін өткізді.
Мақсаты: оқу-тәрбие үрдісінің тәжірибесіне заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізе отырып, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру.
Конкурсқа қала мектептерінің 28 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.
Қатысушы мұғалімдер «Педагог портфолиосы», «Бейне сабақ», «Мен-заманауи бастауыш сынып мұғалімімін» үш бөлім бойынша тапсырмаларды орындады.
Қазылар алқасы конкурс қорытындысын саралай келе, жеңімпаздарды анықтады. Конкурсқа қатысқан М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мамандандырылған гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Л.Р жүлделі екінші орынға ие болды.
Жеңімпаз ұстазымызды құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!