«Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» тақырыбындағы
қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 2021 жылдың 23 қараша күні Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған10-11 сыныптар арасында «Ыбырай – тұңғыш кемеңгер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты оқушыларға ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің білім жолында атқарған ізгі істері, қазақ халқын өнер білімге, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдердің қатарына қосуға арнаған көрнекті тұлға екендігі жайында толық мәлімет беру.
Оқушылар іс-шара барысында кемеңгер ұстаздың өмірі мен шығармашылығы бойынша терең мәлімет алып, «Бағу-қағуда көп мағына бар» әңгімесінен сахналық көрініс көрді. Көрермен оқушылармен тақырып негізінде пікір алмасып, қатысқан оқушыларға сертификаттар тапсырылды