«Жас мұғалім» мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес «Оқушылардың шығармашылығын арттыратын интербелсенді әдістер» тақырыбында шебер сынып сағатын мектеп тренері Бершимова айгерим Касымбекқызы өткізді.
Мақсаты – Бәсекеге қабілетті білімді де, білікті сапалы маман және жан-жақты дамыған саналы азамат дайындауда кәсіби білім үрдісін оқыту мен тәрбиелеудің озық, инновациялық технологиясын жүйелі, тиімді пайдалана алатын , ақпараттық технологияны меңгерген білімді білікті ұстазды үйрету.
Шебер сынып сағаты «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы арқылы жас ұстаздардың жағымды жақтарын анықтау мақсатында амандасу кезеңімен басталды. Топқа бөлу үшін мазайка әдісін қолданды. Жасс ұстаздар топық жұмыс арқылы интербелсенді әдістермен практикалық жұмыс атқара келе, бейне жазба арқылы теориясымен таныстырды. Кері байланысты шабадан, ет тарқыш, қоқыс жәшігі әдісімен аяқтады. Жас ұстаздар өз ойларын ашық айтып, белсене қатысты.