Текст
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мамандандырылған гимназиясының жас мұғалімдерімен кәсіби эмоциональды жанудың алдын алу мақсатында «Кәсіби тұрғыда өзіңізге қалай көмектесуге болады?» тақырыбында психологпен онлайн кездесу-тренинг өтті. Тренинг барысында кәсіби күю синдромының белгілерін өз бетінше анықтауға арналған онлайн сауалнама, эмоционалды күйзелісті алдын алу кеңестері мен әдістері, жадынама, ақпараттар берілді және дискуссия (кәсіби тәжірибе алмасу, сұрақ-жауап) әдісі арқалы кері байланыс болды.