М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясының неміс және француз тілінде өткізген іс-шаралар
08.02.21.-12.02.21 күндері аралығында «Шексіз шет тілдер» гимназия тақырыбында және «Шет тілін қашықтықта да меңгереміз» қала әдістеме бірлестігінің тақырыбында пән мұғалімдері онлайн форматта іс-шаралар өткізіп оқушылардың неміс және француз тілдерін үйренуге қызығушылықтарын танытты.
Мақсаты:Оқушыларға шет тілдерде кедергісіз білім беру.
1. 08.02.21-Апталық ашылуы. Мұғалімдер оқушыларды іс-шараларға ат салысып қатысуға шақырды
https://www.instagram.com/tv/CK53GXdnzFF/?igshid=8nm8nt1l3k5b
2. 08.02.21 күні 7 «В» сыныбында “Grammatikstunde” тақырыбында ашық сабақ өтті. Геометриялық фигуралар арқылы оқушылар сөйлемдер құрастыру дағдыларын жоғары дәрежеде көрсете білді,тәуелдеу есімдіктердің жекеше және көпше түріндегі формаларын зат есімнің родымен байланыстырып сөз тіркестер жасады.Рефлексия жасалынды.Оқушылардың белсенділіктері артты. Пән мұғалімі: Шелтенова Кунслу Акжановна. https://www.instagram.com/p/CLLxmYeszxw/?igshid=1n2wip5g7j18z
3. 09.02.21 күні Рахметуллина Айдана Ермековна (жас ұстаз)неміс тілінен 6 «Ә» сыныбына “Die Reise nach Deutschland” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың жалпы мақсаты-сөздік қорын байыту,Германия мемлекетімен таныстыру.Сабақ саяхат стилінде қурастырылып ,Zoom платформасында өтті.Жаңа лексикамен таныстырып,оны практика жүзінде диалог құрып ,түрлі жағдайлар мысалға келтірілді. Сабаққа қорытынды жасалды.
https://www.instagram.com/p/CLN94_Nsjqc/?igshid=1ta6dl2y5csnn
4.10.02.21 күні 6 «Б» сыныбында француз тілінен сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы:”Les preposisions”. Мақсаты: Les preposisions түсіну және сөйлемдер құрастыра білу. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты,тақырыпты тез ұқты. Пән мұғалімі:Маханова Нисевельда Айтпаевна. https://www.instagram.com/p/CLLxmYeszxw/?igshid=1n2wip5g7j18z
Сынптан тыс іс- шараларға да оқушылар белсенді қатысып, неміс және француз тілін үйренуге қызығушылықтарын танытты.
https://www.instagram.com/tv/CLNBUYcnyeQ/?igshid=hr2a8adtcvd9
https://www.instagram.com/tv/CLNBc-EnSLb/?igshid=7jke829vxr8o
(Дайындаған пән мұғалімі Г.А.Сыздыкова) https://www.instagram.com/tv/CLNBilDnrVn/?igshid=hgr0i8ufq7f6
(Дайындаған пән мұғалімі К.А.Шелтенова)
Қорытындылай келе апталықтың эпиграфы француз философтың Вольтер «Viele Sprachen zu kennen bedeutet,viele Schlȕssel zu einem Schloss zu haben»,«Көп тілдерді білу – бір құлыпты ашуға бірнеше кілтіңнің болуы» деген нақыл сөзімен аятағым келеді.