2020 жылғы 27 қараша 5 желтоқсан аралығында « Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту кезінде қиындықтарды жою және оқу процесін оңтайландыру» тақырыбында шет тілдер мен жаратылыстану бағытындағы пәнді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдері ұйымдастырған онлайн вебинарлар өтті. Ағылшын тілі мұғалімдері Сайлаубекова Р.Ш. және Сулейменова Д.Б. Padlet, Kahoot қосымшалар арқылы тест, ойындар мен викториналар құруға болатынын және оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға тиімді жолдарын көрсетті.
Биология пәні мұғалімі Бауыржан А. Google диск платформасын қолдану және оқыту кезінде қиындықтарды жою мүмкіндіктерін анықтады.
География пәні мұғалімі Оразғали А.А. Learning Apps платформасында жұмыс жасады.
Осы платформалар,веб- сайттар , онлайн тақталар оқушылардың пәнге деген қызуғушылықтарын оятып, онлайн сабақтарға жақсы қатысуына әсерін тигізді.