Текст
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында мемлекеттік мерекені тойлауға арналған «Нұрлы Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары -Бейсембаев Уағыт Бегайдарұлы қатысты.Дәстүр бойынша мереке қарсаңында қаланың үздік мұғалімдері республика Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды. М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мамандандырылған гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Балташева З.Н. Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.