Текст
2021 жылғы 26-27 сәуір аралығында “ДАРЫН” республикалық
ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының
М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы Ахметжанова Айзада құқық негіздері пәні бойынша ІІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі Тюлешева Анар Ибрайқызына шәкірттеріңіз биік шыңдардан көріне берсін деп тілейміз!