«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

М. Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясында физика,информатика пәндер апталығының қорытындысы

27.01.2021

     18.01-22.01.2021 жылы аралығында физика,информатика пәндердің  апталығы өтті. Апталықтың  ашылуы  ZOOM платформасы  арқылы бейнеролик жасалды. Апталық барысында мұғалімдер платформасы арқылы жоспарға сай ашық сабақтарын өткізді. Ашық сабақтарды өткізу барысында мұғалімдер оқушылардың белсенділіктерін, жеке жұмыс жасап білім деңгейлерін көрсететін әртүрлі платформаларды сабақтарына пайдаланды. Онлайн мектеп платформасында да жұмыс жасады. Атап, айтсақ Жайлау Энхбаяр 8 «в» сыныбында «Өткізгіш электр кедергісі, өткізгіштің меншікті кедергісі» тақырыбының «Онлайн мектеп» платформасында «Phet-physics» тәжірибесі көрсе, информатика пәнінің мұғалімі Бершимова А.К. 10 «Б» сынып оқушыларымен  қашықтықтан оқыту жүйесінде «Мәтінді форматтау» тақырыбындағы сабағына өткізді. Classtime.com платформасында оқушыларға 7 сұрақ қойылып, жауаптарының  нәтижесі экранда көрсетілді. Физка пәнінің мұғалімі Искакова С.К.10 «б» сыныбында ашық сабағын «Кулон заңы. Электр өрісінің кернеулігі»  тақырыбында берді. Сабақ барысында  «Білім ленд» платформасын қолдану арқылы тапсырмаларды  орындаса,  «Аnswergarden.com» платформасы арқылы кері байланыс жасады. Физика пәнінің жас ұстазы Кайырлы З.Б. 8 «Б» сыныбында  «Ohm's law for a part of a circuit» тақырыбында физика пәнінің ағылшын тілінде өткізді. Jamboard тақтасы арқылы жаңа тақырып түсіндірілді. ZOOM  платформасында топқа бөлініп Jamboard тақтасына сілтеме жіберіліп, жұмыс атқарылды. Физика пәнінің ұстазы Балтбаева Б.к.. 9 «Ә» сыныбында «Энергияның сақталу және айналу заңы» тақырыбы бойынша штаттық режимінде сыныпта  сабақ өткізді. Оқушылардың деңгейлеріне сай деңгейлік есептер берілді. Информатика пәнінің мұғалімі Хавдеш Еркін  10 «А» сынып оқушыларымен  қашықтықтан оқыту жүйесінде «Сайттың басты беті» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Оқушыларды «zoom» платформасы арқылы  топтарға бөліп,   сайттың басты бетін жасау тапсырма берілді. Тапсырманы сәтті орындап шықты. «Аnswergarden.com» платформасы арқылы кері байланыс жасалып, оқушыларды бағалады.Информатика пәнінің мұғалімі  Кадралина А.Б  7 «в» сыныбында "Программалау тілдері және программалау жүйелері" тақырыбында  сабақ өткізді. Оқушылардың белсенділігін арттыру, сабақтың терминдері есте сақтау мақсатында Quizlet live платформасымен ойын арқылы білімдерін бағаласа,  Padlet.com электрондық тақтасы қолданып кері байланыс жасады. Информатика пәнінің мұғалімі Науқан А.А. 6 «Ә» сыныбында «Тіл әліппесі. Синтаксис» тақырыбында сабағын ZOOm платформасы арқылы көрсетті. Сабаққа onlinemektep.org,  quizizz.com сұрақ-жауап викторина,  youtube.kz бейнеролик opiq.kz  платформасынад тапсырма берілді.. Жаңа тақырыптың тапсырмалары padlet.com тақтасында орындалды. Информатика пәнінің мұғалімі Нурмаганбетова Д.Д. 5Б,В,Г сыныптардың қашықтықтан оқитын оқушылармен «Робототехниканың тарихы және оны қолдану» тақырыбында сабағын өткізді. Сабақта ютуб каналынан бейнеролик көрсетіліп,  Quizizz.com платформасында тапсырмалар орындалды. “Google Формы” платформа кері байланыс жасалды.

 

Просмотров: 588


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст