«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика пән апталығының қорытындысы

27.01.2021

М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясында математика пәні бойынша 18.01-22.01.2021 ж. аралығында «Математика- ақыл ойдың  мәңгілік шұғыласы» тақырыбында пән апталығы өткізілді. Мақсаты оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып үйренудегі белсенділігін, танымдылық қабілетін дамыту. Отан сүйгіштікке, әсемдікке, танымдылыққа тәрбиелеу.

Апталықтың ашылуы ZOOM  платформасы бейнеролик арқылы жасалынды. Апталықтың ашық  сабақтар  қазіргі еліміздегі  коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу  мақсатында көп сабақтар қашықтықтан жоспарланды.

Математика пәнінің мұғалімі Саттарова К.Б «Математикалық сауаттылық» ашық факультатив сабағын 9В сыныбында өткізілді.  Сулейменова Ж. 6 «Ә» сыныбымен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» атты ашық сабақ онлайн форматта өткізді. Сабақта ZOOM платформасы арқылы сыныпты топқа бөлу әдісі, онлайн мектеп платформасы, PAINT программасы қолданылды. «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» тақырыбында сабақты математика пәнінің жас ұстазы Алип А  6 «А» сыныбымен онлайн ашық сабақ өткізді. Сабақта ZOOM, онлайн мектеп, Kahoot платформалары қолданылды. 11Ә сыныбында офлайн режимінде «Цилиндр және оның элеметтері» тақырыбында ашық сабақты математика пәнінің мұғалімі  Адилов С.А  БИС технологиясы  қолданып өткізді. Дюсенбаева А.С. «Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу» тақырыбына 5Ә сыныбында онлайн режимінде ашық сабақ өткізді. Оқушылар ZOOM платформасының тақтасын пайдаланып есептерін шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық сабақтарда оқушылардың сабаққа деген белсенділіктері байқалды.

 

Просмотров: 1065


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст