«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану пәні бойынша «Өзін-өзі тану; Махаббат және шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің қорытындысы

15.02.2021

М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясында  02 ақпан мен 12 ақпан аралығында  Өзін-өзі тану пәні бойынша «Өзін-өзі тану; Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі өтті.

Мақсаты: оқушыларға рухани-адамгершілік құндылықтар туралы түсінік бере отырып, өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын және жауапты болуға тәрбиелеу, қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Онкүндік іс-шаралары еліміздегі жағдайға байланысты жоспарға сай қашықтықтан ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Апталықтың ашылуы 02 ақпан күні «Өзін-өзі тану;Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында бейнеролик арқылы жасалынды.Мұғалімдер мен оқушылар онкүндік жоспарымен таныстырылды.

02ақпан  «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы авторының қызметі туралы «Мейірім төгетін ана » білім беру ұйымында кітап көрмесі ұйымдастырылып,бейне жазба арқылы таныстырылды. 02 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Серикжанова М.Т "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы авторының "Адамгершілік-рухани өсудің 12 сатысы" дәйексөздерін 3 сынып оқушылары оқыды. 02 ақпан мен 12 ақпан аралығында 6-7 сыныптарға, Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы туралы фильмдер көрсетілді. 02 ақпанда күні өз-өзі тану пәнінің мұғалімдер Жанбырбаева Н.Х., Жусупова С.С. ұйымдастыруымен «Қарым-қатынас әліппесі» тақырыбында бейне сабақ түсіріліп YouTube әлеуметтік желісінде жарияланды.

03 ақпан күні  өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі Хасенова Т.Е. «Кешіре білуді үйренемін» тақырыбында бейне сабақ түсіріліп YouTube әлеуметтік желісіне орнатылды. 4 ақпанда  мұғалімдер Сарсенбаева А.Д.,Курманова Г.К. «Отбасы-адамгершілік пен руханилықтың қайнар көзі»  ата-аналарға арналған дөңгелек столі ұйымдастырды. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Айдарбекова М.Н. 0 5ақпан күні  «Ақжарқындық және оптимизм» тақырыбында бейне сабақ түсіріліп YouTube әлеуметтік желісінде жариялады. Мұғалім Абылкалыкова 08 ақпанда «Батылдық пен табандылық» тақырыбында  түсірілген бейне сабағы  YouTube әлеуметтік желісінде жарияланды. 08ақпан күні  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Махметова Г.О. ұйымдастыруымен 2 сыныптар арасында «Асыл жүрек» фото көрмесі өтті. Көрмеге оқушылар белсене қатысты. 09 ақпанда  4-сыныптар арасында «Жүректен жүрекке»  республикалық қашықтық шығармашылық өлеңдер, суреттер байқауын 4-сыныптарға сабақ беретін өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері өткізді. 10 ақпан өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Алданыш Ж «Адами қарым-қатынас әлемі» тақырыбында 5 «Г» сыныбында ZOOM платформасы арқылы ашық сабақ өткізді. Сабақ Ютуб каналына жариыланды. 02ақпан мен 12 ақпан аралығында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі  Командир Р. 10, 11 сыныптар арасында «Махаббатқа толы жүрек» эссе байқауы ұйымдастырды. 2ақпан мен 12 ақпан аралығында өзін-өзі тану мұғалімі Командир Р.  10 сыныптар арасында «Алтын жүрек»  челленджі ұйымдастырып,бейнероликтер YouTube әлеуметтік желісіне, гимназияның инстаграм апрақшасына салынды. 12ақпан күні - Апталықтың қорытындысы бойынша 3-сыныптардың ұйымдастыруымен, бейнеролик түсірілді.

2021 жылдың 15 ақпан апталықтың қорытындысы бойынша ақпараттар сайтқа жіберілді.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 521

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст