05.12.2024
Форум үш номинациядан тұрды: «Жетістіктер көрмесі», «Алаш қозғалысының бастауында тұрған олар», «Рақымжан Қошқарбайұлы Қошқарбаев – Халық Қаһарманы, ұлы батыр ерлігі» және «Сәкен Сейфоллаұлы Сейфуллин».
Форумның қалалық кезеңіне М. Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының үш оқушысы қатысты. Форум қорытындысы бойынша:
- «Жетістіктер көрмесі» номинациясы бойынша 9 «Г» сынып оқушысы Амангелдинова Аружан жүлделі ІІ орын иеленді (пән мұғалімі Серікбаев С.К.).
- «Рақымжан Қошқарбайұлы Қошқарбаев – Халық Қаһарманы, ұлы батыр ерлігі» номинациясы бойынша 10 «Б» сынып оқушысы Сәлімова Мерей ІІІ орын алды (пән мұғалімі Оспанова С.А.).
- «Сәкен Сейфоллаұлы Сейфуллин» номинациясы бойынша 8 «Ә» сынып оқушысы Әлжанова Амира ІІІ орынға ие болды (пән мұғалімі Жұматаева Ш.Е.).
Форум жүлдегерлері атанған оқушыларымызды құттықтаймыз!