Текст
20.12.күні М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп -гимназиясының салтанат залында 1»Ә»,1»В»,1»Г»,1»Д» сыныптарының қатысуымен «Рақмет саған,Әліппе»ертеңгілігі өтті.Мерекелік іс-шараға мектеп-гимназия әкімшілігі, ата-аналар,қонақтар қатысты.
Оқушылар ән-би,көрініс,әдеби монтаж және әліппе мен математика пәндерінен тапсырмалар орындады.Мереке соңында мектеп-гимназия директоры Ардақ Маратовна Ахмеджанова оқушыларға Әліппені бітіру дипломдарын табыстады.Ата-аналар оқушыларға қызықты кітаптар тарту етті.
https://www.instagram.com/reel/DD4Q10DMo7s/?igsh=MTFwOGFnZWlqdXRoaw%3D%3D