Текст
Көкшетау қаласы Шекаралық бақылау бөлімінің бастығының орынбасары, капитан Үркімбай Т.С. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясына оқуға түсу мүмкіндіктері мен талаптары туралы айтып өтті.
Ол үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар, қабылдау тәртібі, оқу бағдарламасының ерекшеліктері және шекарашы мамандығының маңыздылығы туралы түсіндірді. Сонымен қатар, болашақ курсанттарға әскери өмірдің тәртібі мен жауапкершілігі жайлы ақпарат берілді.
Шекара қызметінде қызмет етуге қызығушылық танытқан жастар үшін бұл кездесудің маңызы зор болды.
https://www.instagram.com/reel/DGVSbesM7po/?igsh=MWNjMXZuOWczemt2NA%3D%3D