«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ХХІІ Республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

26.04.2021

2021 жылғы 20-22 сәуір аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында онлайн режимінде ZOOM платформасы арқылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында ХХІІ Республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

«Абай оқуларының» негізгі мақсаты – Абай Құнанбайұлы және Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы эстетикалық талғам мен  тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 Байқауға барлық  аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы  113 оқушы қатысты.

Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді:

1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының санына байланысты бағалайды.

2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Бұл номинация бойынша Абай қарасөздерін толық білуі бойынша бағаланады.

3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.  Бұл номинация бойынша шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланады.

4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.

5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»  номинациясы –оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.

6. «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.

 «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен  Бураканова Дильназ - Көкшетау қаласы, М.Габдуллин атындағы   № 3  мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы марапатталды. пән мұғалімі Шахманова Б.Р.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Просмотров: 742


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст