Текст
📅 2025 жылғы 8 сәуір күні М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 9 "А" сынып оқушылары, олардың ата-аналары және пән мұғалімдерінің қатысуымен педагогикалық кеңес (педконсилиум) өтті.
👥 Кездесу барысында ата-аналар әрбір пән мұғалімінен өз балаларының оқу үлгерімі, тәртібі және тәрбиесіне қатысты толыққанды ақпарат алды. Сонымен қатар, ата-аналар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мазалаған мәселелерге жауап ала алды.
🔹 Бұл шара ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың білім алуына бірлесе қолдау көрсетудің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
https://www.instagram.com/reel/DILQ9x0TNR7/?igsh=bTdrdWFuNG5xNnFo%D2%BB