«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, 9 сынып оқушылары Көкшетау минералды су зауытына экскурсияға барды

29.04.2025

Еңбегі адал- жас өрен жобасы аясында, 25 -сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, 9 сынып оқушылары Көкшетау минералды су зауытына экскурсияға барды. Мақсаты: жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға бағыттау.Ресейдің 5 облысына отандық өнім шығаратындығын, сан мен сапаны қатар үйлестірген бұл кәсіпорын 23 жылдан бері бәсекелестіктің бел ортасында келетінін хабарлады.Экскурсия кезінде минералды сулар кәсіпорны жайлы толық мәлімет беріліп, кәсірорнын жабдықтары толығымен таныстырылып, оқушылар қосымша сұрақтар қойды. Көкшетау минералды су зауыты 23 жылдан бері үнемі жаңғыру, жаңару үстінде екен. Таза табиғи судың сапасын жоғалтпау үшін жер қойнауы да жіті зерттеліп, жаңа шикізат қорлары ашылуда. Болашақта Көкшетаудың суын космос станцияларында қолдану жоспарлануда. Жер шоқтығы атанған кербез Көкшетаудың атағы енді шетелге табиғи зәмзәм минералды суымен де кеңінен таныла түспек екен. Кәсіби бағдар беруші: Магзумова.А.У

https://www.instagram.com/reel/DI36_vDT3Sr/?igsh=eHlkdWlkMHFyNWwx

Просмотров: 406


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст