Бүгін мектебімізде ата-аналар комитеті төрайымдарының жиналысы салтанатты сәттен басталды. Көкшетау қаласының Жоғарғы техникалық колледжі мен мектеп арасында құрылған «TechStart» пилоттық жобасы аясында 10-сынып оқушылары «Виртуалды жүргізуші» мамандығы бойынша 72 академиялық сағаттық курсты аяқтап, арнайы сертификаттарға ие болды. Жиында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, ата-аналарға маңызды ақпараттар ұсынылды. Күн тәртібіндегі тақырыптар мен спикерлер: Деструктивті діни ағымдардың алдын алу. Ұлттық құндылықтар мен дін – Жаканов Сәкен Багдатович, теолог Оқушылардың психологиялық саулығы. Өзіне сенімді бала тәрбиелеу – Сейтқожина Көгершін Ағайдаровна, психолог Нашақорлыққа жол жоқ. Химиялық тәуелділіктің түрлері – Жумакаев Тамирлан Ерланұлы, полиция аға лейтенанты Құқық бұзушылықтың алдын алу – Кеңес Алдияр Кенжешұлы, полиция аға лейтенанты Мемлекеттік емтихан. ҰБТ-ны сәтті тапсыруға отбасылық қолдаудың маңызы – Тауфиқ Амангүл Сондай-ақ, Көкшетау жоғары техникалық колледжінің өкілдері ата-аналарға оқу орнының мүмкіндіктері мен мамандықтары туралы толық ақпарат берді. Жиын соңында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пайдалы ақпаратпен бөлісті. Мұндай кездесулер ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың қауіпсіздігі мен болашағына бағытталған қолдауды арттыруға сеп болады.
https://www.instagram.com/reel/DJ9LLjwsOt5/?igsh=MWR6amk3OHVvYWM2ag%3D%3D