Салтанатты саптүзеу туралы ақпарат 2025 жылдың 23 мамыр күні сағат 12:00-де «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-де оқу жылының аяқталуына арналған «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шара 30 минутқа созылды. Биылғы оқу жылында мектепті 76 түлек сәтті аяқтап, үлкен өмірге жолдама алды. Іс-шараға мектеп түлектерінің ата-аналары, ұстаздар қауымы, мектеп әкімшілігі және Көкшетау қаласы білім бөлімінің әдіскері Н.Ж. Шарипова қатысты. Шара барысында түлектер өз алғыстарын білдіріп, жүрекжарды әндер мен тілектер айтты. Ата-аналар мен мұғалімдер де түлектерге ақ жол тілеп, ыстық ықыластарын жеткізіп, ата-аналар арнау әндерін орындады. Мектеп директоры А.М. Ахмеджанова оқу жылының қорытындысы мен түлектердің жетістіктерін атап өтіп, құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты бөлім соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, көңілді әсермен тарқасты.
https://www.instagram.com/reel/DJ_7CzPzSiL/?igsh=ejUwOTdta3Zpb2th