2021 жылдың 07 желтоқсан күні тарих апталығының жоспарына сәйкес 8 сыныптар арасында «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты интеллектуалды сайыс өтті, ұйымдастырушысы тарих пәнінің мұғалімі Серикбаев С.К.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жетістіктері жайлы оқушыларға мағлұмат беру.
« Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім»-дей келе, сайыс 5 кезеңнен тұрды: 1.кезең «Бәйге», 2 кезең «Полиглот», 3 кезең –«Пәнді таңда», 4 кезең. «Сөзжұмбақ», 5 кезең «Жорға». Оқушылар тарих пәні бойынша өз білімдерін жоғары дегейде көрсете білді. 8 «А» сынып «Жас тарихшылар» тобы үздік білімдерін көрсетіп, Гран-при жүлдесін иеленді.
Біздің жас Отанымыз Тәуелсіздік тұғырында көк туымыз желбіреп, мәртебеміз асқақтай берсін.