Текст
2021 жылдың 21 қаңтар күні ІІ тоқсанның педагогикалық кеңесі «Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында мұғалімдердің жұмысын жетілдіру» тақырыбында өткізілді. Педагогикалық кеңестің І бөлімінде тоқсанның білім сапасын талқыласа, екінші бөлімінде педагогикалық білім беру сапасын арттыру, білім беруді дамытудың стратегиялық маңызды бағдарларын анықтау мақсатында «Global «САПА» білім беру орталығының практикалық семинарында алған жаңашылдықты гимназия ұжым мұғалімдерімен бөлісу шеберлік сыныптары өткізді.