Текст
2022 жылдың 27 қаңтар күні қалалық пән олимпиадаға дайындық жұмысының жоспарына сәйкес мамандандырылған гимназиясының педагог-психологы Тауфих Амангуль 9-11 сыныптың қалалық пән олимпиадасына дайындық жүргізіп жатқан оқушылармен «Жетістікке жол» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру. Тренинг барысында оқушыларға сәлемдесу, сергіту ,сілкіп таста жаттығулары арқылы көңіл күйлерін көтере келе, «Сиқырлы қорап» жаттығуда өзіне және бір-біріне сәттілік тілектерін білдірді. Оқушылар тренингке белсенділік танытты.