Текст
2022 жылдың 11 наурыз күні Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп – гимназия қабырғасында Көкшетау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Ахмет оқулары" байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға қатысқан мамандандырылған гимнзияның 6-сынып оқушысы Кабдрашит Нұрай «Әліппенің атасы» номинациясы бойынша 2-орынға ие болса, 9-сынып оқушысы Маратова Адина «А.Байтұрсынұлы – қазақ халқының ұлы көсемі» номинациясы бойынша жүлделі 3-орынды иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Пән мұғалімдері: Ахметжанова Ботагоз Хамитовна, Карасартова Шаттық Каналбековна.