«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңін Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында өткізілді.
Аталмыш байқауға М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының екі оқушысы «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» бағытының математика, қолданбалы математика секциясында бақ сынасты. Байқаудың қорытындысы бойынша 10 - сынып оқушысы Кудайбергенова Диляра математика секциясы бойынша ( жетекшісі Оразова Г.К.) , 10-сынып оқушысы Кажумуратова Аружан қолданбалы математика секциясы бойынша (жетекшісі Алип А.) жүлделі ІІІ орынға ие болды. Оқушылар бейіндеуші пәндер бойынша екінші тур - тестілеуден өтеді. Құттықтаймыз! Келесі кезеңде сәттілік тілейміз!