«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылдың 23 қараша күні “Жобалау оқыту технологиясы” (Project Based Learning) атты қалалық семинар ұйымдастырылды

24.11.2023

2023 жылдың 23 қараша  күні М.Ғабдуллин атындағы көпсалалы гимназиясында  әдістемелік күн шеңберінде қала мектептерінің  ағылшын тілі пәнінің жас ұстаздарына арналған  “Жобалау оқыту технологиясы” (Project Based Learning) атты  қалалық семинар ұйымдастырылды.  Семинардың мақсаты жоба арқылы оқыту технологиясын сабақта әртүрлі әдіспен пайдалану  жолдарын көрсету болды.  Семинарда педагог - зерттеуші  және педагог-  сарапшы санаттағы ұстаздар ашық сабақтар мен  шебер сыныптарын өткізді. Педагог-зерттеуші санатты,  ағылшын тілі мұғалімі  Шапенова Г.К.  “A Total Reality Experience” тақырыбындағы  сабағын 10 «А» сынып оқушыларымен  STEM әдісімен кіріктіріп  3D көзілдірігін,  голограмма  және  3D қаламын қолданып әшекейлі  бұйымдар жасау  жобасын  көрсетсе, педагог-зерттеуші санатты , ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі Балташева З.Н. 9  «Б» сынып  оқушыларымен ”Environmental Issues” тақырыбын химия, робототехника, экология пәндерімен байланыстыру арқылы суды тазарту жобасын , педагог-зерттеуші санатты ағылшын тілі мұғалімі Ахметжанова С.К. 3 « Ә»  сынып оқушыларымен  ”Daily Routine Clock” тақырыбында  CLIL әдісімен жаратылыстану пәндерімен кіріктіріп  күн тәртібінің сағат  құру жобасын, педагог-зерттеуші санатты, ағылшын тілі мұғалімі Минбаева Ш.Д. 8 «В» сынып оқушыларымен ”Social Mediа” тақырыбында әлеуметтік желіні қолдану жобасын,   педагог-сарапшы санатты , ағылшын тілі мұғалімі Сайлаубекова Р.Ш. 5 «Ә» сынып оқушыларымен  “A family” тақырыбында  отбасы жобасын, педагог-сарапшы санатты, ағылшын тілі мұғалімі Есенеева Г.Е. 5 « Ә» сыныбының ІІ топ оқушыларымен “Friendship” тақырыбында  сыныптағы достық нығайту жобаларын сабақ барысында құра отырып, қорғатты.   Ашық сабақтардан кейін жас ұстаздармен шеберлік сыныбын педагог-зерттеуші, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сулейменова Д.Б. өткізді. Семинар соңында ДШТЖЖ орынбасары Г.А.Сыздыкова кері байланыспен қорытындылап, семинар қатысушыларға сертификат табыстады. Қалалық ағылшын тілі мұғалімдері қоғамдастығының жетекшісі Миргүл Айнышева гимназия әкімшілігіне және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне алғысын білдірді

https://www.instagram.com/reel/Cz_vUC4sDV-/?igshid=NjFhOGMzYTE3ZQ==

Просмотров: 1129


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст