2024 жылдың 11 наурыз күні М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының қабырғасында Көкшетау қаласын Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен "САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ" облыстық конференция өтті. Конференцияның бірінші бөлімінде ағылшын тілі мұғалімі Ахметжанова С.К 4 «Г» сыныбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Билялова Б.Б. 7 «Б» сыныбында, биология пәнінің мұғалімі Казбекова С.Т. 11 «Ә» сыныбында зерттеу сабақтарын өткізсе, екінші бөлімінде 20 мұғалім постер көрмесіне қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісіті. Өз тәжірибесімен бөліскен ағылшын тілі мұғалімі Ахметжанова С.К, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Билялова Б.Б, биология пәнінің мұғалімі Казбекова С.Т. және гимназия директоры Ахмеджанова А.М.Алғыс хатпен марапатталса , ал постер қорғаған ұстаздар сертификатқа ие болды.