«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылдың 16 сәуір күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының курс тыңдаушылары үшін « Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудың инновациялық әдістері » тақырыбында М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының қабырғасында көшпелі тәжірибелік оқыту семинары ұйымдастырылды

17.04.2024

2024 жылдың 16 сәуір күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының  курс тыңдаушылары үшін « Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудың инновациялық әдістері »  тақырыбында М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының қабырғасында көшпелі тәжірибелік оқыту семинары  ұйымдастырылды. Көшпелі тәжірибелік оқыту семинарына келген курс  тыңдаушыларын   гимназия директоры А.Ахмеджанова қарсы алып , гимназия музейіне саяхат жасатты.  Іс-шара басы  педагог-психолог Тауфих А. психологиялық жаттығуларымен басталып, жалғасы сабақтармен көрініс тапты. Тарих  пәнінің мұғалімдері  Баймади Г 6 Г сыныбымен , Серикбаев С.К. 8Г сыныбымен  жаңашыл инновациялық әдістермен  сабақтарын өткізсе , тарих пәнінің мұғалімі   Жуматаева Ш.Е. 11-сынып  оқушыларын ҰБТ дайындаудың қызықты әдісі  Не? Қашан? Қайда? интеллектуалды ойынды ойнатып   іс-  тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында  тарих пәнінің мұғалімі Серикбаев С.К. «Оқу матириалы негізінде оқушының ойлау дағдысын дамыту» атты авторлық бағдарламасымен таныстырып, әріптестеріне таратты. ДОІЖЖ орынбасары Г.К.Оразова мен ДҒЖЖ орынбасары Р.Командир кері байланыс жасап, қорытынды рефлексия жүргізді

Просмотров: 690


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст