Текст
2018 жылы ақпанның 16 күні М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында 3– сыныптар арасында «Өлең - сөздің патшасы» атты көркем сөз оқу шеберлігін айқындау аясында мектеп гимназияішілік «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, Қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатын көздейді. Көркем сөз оқу мен ән айту шеберліктерін қатар игерген үміткерлер қатысты. Әр қатысқан оқушы жүлделі орындармен, әртүрлі номинацияларға ие болды.