2018 жылы 9 ақпан күні «Өзін-өзі тану» онкүндігінің жабылуына орай «Ән - көңілдің ажары» атты көңілді кеш өткізілді. Оқушылар осы кеште өз өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ, 2 «Ә»сынып оқушылары Аянат пен Надираның орындауында «Тентегім» әні, 3 «А,Ә, Б,В» сынып оқушылары әдеби монтаж, 2 «В» сынып оқушысы Разлының гимнастикалық биі, 3 «Ә» сынып оқушысы Қайраттың орындауында «Кеңес» күйі және де 3 «Г» сынып оқушысы Асияның орындауында қазақша би.
Өзін-өзі тану пәнінің балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көз қарасын оятып, бір-біріне деген қарым-қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолын бағыттайды деген ойдамыз.