«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«CLIL – «Үштілділік» оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді технологиясы » оқыту семинары

08.02.2018

Мектеп-гимназиясында «CLIL – «Үштілділік» оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді технологиясы » оқыту семинары өтті. Семинарға қала мектептерінен  52 пән мұғалімдері қатысты.  Семинардың мақсаты: ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, олардың ағылшын тілінде сауатты түрде «Үштілділік» ұлттық жоба аясында білім алып, дамуға бейімдеу. Арналған аудитория: биология, химия, физика, математика, информатика пәндеріні жаңартылған орта білім беру жүйесінің талабы бойынша ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер. Семинарда мектеп-гимназиясының шет тілдер бойынша директордың орынбасары Г.К.Шапенова «Knowledge of CLIL and principles of CLIL»  туралы түсініктеме берді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Т.Рашатова «Multi-media in CLIL. Scratch program» Kahoot, Plickers және EDpuzzle бағдарламаларын сабақта тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі З.Н.Балташева «Mingling activity. Visual organizers» сабақ барысында диаграмма, графиктерді қолдануды іс жүзінде көрсетті.  Мұғалімдер қызыға қатысты. Физика пәнінің мұғалімі Р.А.Савельев CLIL сабақтарын жоспарлау тәсілдерін көрсетті. Мектеп-гимназиясының жаратылыстану бағыты пән мұғалімдері  топтық жұмысты ұйымдастырды. Мұғалімдер өзінін іс-тәжірбиесімен алмасты. Қалалық білім бөлімінің тілдер бойынша әдіскері Г.М.Абишева дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мұғалімдер өз пікірлерін білдірді. Әр пән бойынша мұғалімдер тиімді микро-тренингтер көрсетті. Plickers бағдарламасы арқылы кері байланыс ұйымдастырылды.  Кері байланыс нәтижесінде семинардың тиімділігі 100 % бағаланды.

Просмотров: 1039


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст