«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бурабай" Ұлттық табиғат паркіне (Лапландия) саяхат

23.01.2018

20.01.2018 күні мектеп-гимназиясының оқушылары ата-ана комитетінің мүшесі мен бастауыш сынып мұғалімдері Шаяхметова Қ.А., Курманова Г.К., орыс тілі пәні мұғалімі Қыдырменова З.А., ДТЖЖО Оспанова А.А. бірге «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» «Туған жер» бағдарламасы негізінде Көкшетау қаласындағы Турфирма «Круиз» бен «Бурабай» Ұлттық табиғат паркіне (Лапландия) аяз ата резиденциясына танымдық саяхатқа шықты. Келген бетте Аяз атаның ертегі үйіне кірді. Бәрі бірге жеті бөлме әлемін аралады. Әр бөлме әлемінің аты бар «Египет», «Лондон», Пирамида», «Париж», «Астана», «Аяз атаның ойыншықтары», «Білім бөлмесі». Аяз атамен кездесу болды. Балалар оның құлағына өздерінің армандаған тілектерін айтып, сырласып пікірлесті. Бөлмелерді аралап келіп «Білім» бөлмесінде тоқталды. Бөлмеде көптеген үлкен-үлкен ертегі кітаптары бар. Балалар үстелдің басына отырып Аяз атаға өз ойларын, армандарын, пікірлерін жазды. Барлық бөлмелер өте қызықты, ертегіге сай безендірілген. Келесі Аяз атаның «Пошта» ертегі үйіне барды. Балалар Аяз атаға хат жазып жіберді. Ертеде «Солтүстікте» тұрған ұлттар «Якут», «Ненцы» кішірек жасаған «Бақсының» ертегі үйінде болды. Бақсы от жағып, өзінің емдік қасиеттерін, салт-дәстүрлерін әңгімелеп айтып берді. Балалар Бақсымен әңгіме жүргізіп, пікірлесті. Қызықты ойындар ойнап, суретке түсті. Балаларға барлығы ертегі әлеміндегідей қызықты болды. 

Просмотров: 509


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст