М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп гимназиясында
өткен жолдау бойынша мәлімет
15 қаңтар күні М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп гимназиясының ұжымымен елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революциялық жағдайының даму мүмкіндіктері» атты жолдауы бойынша «Нұр Отан» ХДП мүшесі, мектеп - гимназия директоры А.Қ.Балташева жолдау маңыздылығына тоқталса, тарих пәні мұғалімі С.Қ.Серікпаев баяндама оқыды. Ұстаздар өз пікірлерін ортаға салды. І және ІІ ауысымның сап түзеуінде мектеп - гимназиясының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Қ.Жартанова және А.А.Оспанова жолдау бойынша 5-11 сынып оқушыларын ақпараттандырды. Сынып сағаттарында жетекшілері оқушыларға жолдау бойынша толық мағлұмат берді.