Текст
Дүниежүзілік бала күніне арналған «Балаға мейірімді Қазақстан!» атты конференция аясында 9 «Ә» сыныбында балалар мен жастарға арналған «111» ұлттық сенім телефон туралы іс шара өткізілді. Сабағымыз оқушылардың ой-пікірлерімен бөлісу «Ассоциация» жаттығудан басталып,балалар Қазақстандағы осындай сенім телефоны туралы хабардар болды. Келесі кезеңде «Иә», «Жоқ», «Білмеймін» сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Мысалы: «Сенім туралы не білесін?» және оқушылардың осындай желіге көзқарастары деген сұрақтар қойылды.
Сабағымызды қорытындылай келе балалар өз мүдделері мен қажеттіліктері туралы ашық айтты.