Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша 2017 жылдың 19-21 қараша күндері аралығында Көкшетау қаласы, №3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының базасында 8-11 оқушылары арасында ғылыми жобалардың облыстық конкурсының ІІ кезеңі өтті. Байқауға мектеп-гимназиясының 9 оқушысы
төмендегі секциялары бойынша қатысты.
1.Ғылыми-техникалық прогресс –экономикалық өрлеудің түйінді буыны ретінде», секциялар: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылым;
2. «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық моделдендіру», секциялар: математика, қолданбалы математика,информатика, экономика;
3. «Сау табиғи орта –«Қазақстан - 2030» стратегиясын іске асырудың негізі» секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны қорғау;
4. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және келешектегі туристік маршруттар» секциялар: тарих, өлкетану, тіл білімі, әдебиет, этномәдениеттану, Адам.Қоғам.Құқық.
Байқаудың қорытындысы бойынша 7 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды:
1. Искакова Арай - 9 сынып оқушысы, «Тіл білімі (ағылшын тілі)» секциясы.
ІІ дәрежелі дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды:
1.Таласбек Әділ - 9 сынып оқушысы, «Техника»секциясы;
2.Сайранбеков Жанарыс - 9 сынып оқушысы, «Информатика» секциясы;
3. Алимбетова Аружан – 11 сынып оқушысы, «Қоршаған ортаны қорғау» секциясы;
4. Тайжан Ельдар - 9 сынып оқушысы, «Тарих» секциясы;
ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды:
1. Касымова Айгерим –10 сынып оқушысы, «Биология» секциясы;
2.Бекбаева Венера - 11 сынып оқушысы, «Өлкетану» секциясы;
Жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Оларға облыстық
конкурстың ІІІ кезеңінде сәттілік тілейміз!